Ақтөбе қаласының әкімдігінің
электрондық қызметтеріне кірудің бір терезесіне қош келдіңіз

Тіркеу формасы

Жер учаскесін алуға кезек нөмірін көру

Екі өрістің бірін толтырыңыз*

Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесіне» сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті қала әкімінің атына жазады және Қазақстан Республикасының азаматтары берген өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал оралман азаматтар берген өтінішке оралман куәлігінің көшірмесін қоса береді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрау кезінде жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштерін жергілікті атқарушы органдар арнайы есепке алады.

Іс жүргізу ережелеріне сәйкес, әрбір күнтізбелік жыл басталғанда кезектілік нөмірі «1» санынан басталады, яғни әр күнтізбелік жыл бойынша кезек саны жаңадан бастап саналады. Сонымен бірге, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы бойынша жалпы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрап өтініш білдірген азаматтардың жалпы санын құрайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, өтінішке бірінші тағайындалған нөмірлер – тіркеу нөмірі болып табылады және ол жер учаскесін бөлу кезінде негіз болып саналады. Сәйкесінше тіркеу журналындағы нөмір – жалпы тіркеу журналындағы - реттік нөмірі болып табылады.